|
02.01.2022 | 14:19
8001

2022 жылы айыппұл мен төлемдер қалай өсті

2022 жылы айыппұл мен төлемдер қалай өсті Фото из открытых источников

Қазақстанда 2022 жылы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бағасы өсуіне байланысты айыппұлдар, мемлекеттік баждар мен түрлі төлемдер қымбаттады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК және ЕТЖ:

  • жалақының ең төменгі мөлшері - 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 19 450 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 46 302 теңге;
  • Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 063 теңге;
  • әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 36 018 теңге.

2022 жылы бірінші, екінші және үшінші бала дүниеге келуіне байланысты жәрдемақы 38 АЕК немесе 116 394 теңге болады. Төртінші және одан да көп бала дүниеге келуі бойынша жәрдемақы - 63 АЕК немесе 192 969 теңге.

Жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлер үшін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әр ай сайын жәрдемақы мөлшері: бірінші балаға - 5,76 АЕК немесе 17 643 теңге; екінші балаға - 6,81 АЕК немесе 20 859 теңге; үшінші балаға - 7,85 АЕК немесе 24 045 теңге; төртінші және одан көп балаға - 8,90 АЕК немесе 27 261 теңге.

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенті бар отбасы үшін жәрдемақы сол отбасының табысына қарамастан мына мөлшерде тағайындалады: төрт балаға - 16,03 АЕК немесе 49 100 теңге; бес балаға - 20,04 АЕК немесе 61 382 теңге; алты балаға - 24,05 АЕК немесе 73 665 теңге; жеті балаға - 28,06 АЕК немесе 85 948 теңге; сегіз және одан да көп балаға - 32,06 АЕК немесе 98 200 теңге, оған қоса әр бала үшін 4 АЕК-тен.

Салықтар

2022 жылдан бастап Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізілді. Өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Мобильді төлемдер ұғымы және кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік табыстардан түсетін жеке табысты бөлу міндеті енгізілді. Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап жалпыға бірдей декларация аясында банктер бірнеше ай бойы 100-ден аса тұлғалардан түбіртек алған азаматтар туралы ақпаратты салық органдарына береді деп жоспарланып отыр.

2022 жылғы қаңтардан бастап салық берешегінің төменгі шегі - 6 АЕК (18 378 теңге).

Бұдан басқа, Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлем енгізілді.

Цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт сағатына 1 теңге мөлшерінде төлемақы төлеу жоспарланады. Төлемді есептеу үшін тоқсан салық кезеңі ретінде есептеледі. Төлемақы сомасын төлемақы төлеушілер цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі мен төлемақының белгіленген мөлшері бойынша есептейді. Жаңа нормалар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстандықтарға көп пәтерлі тұрғын үйлердегі қойма бойынша салық есебін көрсетпесе де болады. Қойма бойынша салық есебін салық органдары салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Бұл ретте бюджетке салық төлеу уақыты 1 қазаннан кешіктірілмей, яғни салық төлеу кезеңі аяқталған бойда жүргізіледі. Сондықтан, қойма иелері үшін салық есебін көрсету 2023 жылдан бастап алып тасталады.

Баж

  • 2022 жылы паспорт алу үшін баж 24 504 теңге (8 АЕК);
  • 2022 жылы жеке куәлікті алудың әдеттегі тәртібі 613 теңге (0,2 АЕК);
  • жаңа жылда жүргізуші куәлігін алу 3 828 теңге (1,25 АЕК);
  • некені тіркеу құны 3 063 теңге (1 АЕК). Куәлікті қайта шығару 1 532 теңге (0,5 АЕК);
  • ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж - 6 126 теңге (2 АЕК).

Айыппұл

Елдегі барлық айыппұл АЕК өсуіне байланысты шамамен 5 пайызға артады.

2022 жылы көлік жылдамдығын 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл - 15 315 теңге. 2021 жылы ол 14 585 теңге (5 АЕК) болды. Жылдамдықты сағатына 20-40 километрге арттыру 29 170 теңге (10 АЕК) орнына 30 630 теңге болады.

Жол белгілерін немесе жол жүру бөлігіндегі белгілер бойынша талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл енді бұрынғы 8 751 теңгенің орнына 9 189 теңге (3 АЕК) болады.

Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының ЖҚЕ талаптарын орындамауы 5 834 теңге (2 АЕК) орнына 6 126 теңге болады.

Тыйым салынған жерлерде темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, электрон тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну үшін 45 945 теңге төлеуге тура келеді. Кейінгі жылмен салыстырғанда айыппұл 2 190 теңгеге өсті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир