Ақтөбеде қайтыс болған адамдар баспана кезегінде тұрған

28.08.2024 02:04

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді

Almaty.tv

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегін уақытылы түгендеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жүргізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар. Басқа елдімекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған.

Сонымен қатар, мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған.

Талдау нәтижесімен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.

Оқи отырыңыз: Мектепке жол: Алматыда 70-ке жуық балаға оқу құралдары мен сөмке табысталды