Астанаға қанша еңбек пен энергия кетті
«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Ол шешім қабылданғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Бұл дұрыс шешім. Астанаға қанша еңбек пен энергия кетті. Ойлап көріңізші, Астана - бұрынғы облыс орталығы, бұрынғы Целиноград, Ақмола. Ал қазір Астана - Еуразиядағы дамыған қалалардың, әлемдік ірі орталықтың бірі болып табылады.
Қасым-Жомарт Кемелұлының шешімі өте дұрыс және заңды. Біз оны қолдаймыз және астаналықтарды және барлық қазақстандықтарды қала атының өзгеруімен құттықтаймыз», - деді ол.
Журналистер Әшімбаевтан шешім қабылданды ма деп сұрады. Депутат бұл сауалға оң жауап берді.