Былтыр Алматыда 28 «инватакси» көлігі қызмет көрсеткен

16.01.2020 19:20

Сонымен қатар, былтыр 11 мың 401 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген

Мүгедектерге өз құқықтарын іске асыру бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында олардың әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 3000 нысан паспорттаудан өткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның ішінде 2 мың 921 яғни, 97,3% бейімделген. Ал, биыл паспортталған нысандар санынан 521 нысан бейімделді деп көзделуде. Сонымен қатар, былтыр 11 мың 401 отбасыға яғни 60 мың 77 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.