Жамбыл облысында «Батыл тойтарыс – 2022» әскери оқу-жаттығуы өтті

18.04.2022 19:20

Оқу-жаттығуда арнайы техникалар да сынақтан өтті

Almaty.tv

Елімізде өтіп жатқан «Батыл тойтарыс – 2022» әскери оқу-жаттығуы Жамбыл облысында да өтті, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Бұл жолы оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшесі қатысып, жауынгерлік іс-қимыл жүргізу тактикасын пысықтады. Оқу-жаттығуда арнайы техникалар да сынақтан өтіп, шешім қабылдау барысында командалық құрамның машығы жетілдірілді.

«Лаңкестермен және басқа да қаруланған күш-құралдармен күрес қазіргі заманда өте маңызды. Сондықтан біз басқа күш-құралдармен бірігіп, өзіміздің іс-қимылымызды арттырып, жұмысымызды шыңдадық», – деді  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жедел басқармасының бастығы Нұрлыхан Темірбеков.