Алматының барлық аудандарында Кәсіпкерлер палатасының филиалы ашылады

25.11.2019 19:20

Бүгінде шаһар бойынша 12 мобильді «Атамекен қолдау орталығы» жұмыс істеп жатыр

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында белгілі болды. Енді кез-келген кәсіпкер алысқа сабылмай мәселесін өз ауданында шеше алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Және мемлекеттік мекемелерге жіберетін өтініштері мен құжаттарын осы орталықтарда рәсімдей алады. Бүгінде шаһар бойынша 12 мобильді  «Атамекен қолдау орталығы» жұмыс істеп жатыр.

«Кез-келген кәсіпкер үшін бұл – таптырмайтын мүмкіндік. Себебі мұнда олар онлайн да, оффлайн да өз жұмыстарын бітіре алады. Оффлайн дегеніміз, егер қандайда бір сұрақ туындаса осында келіп, кеңесшіге жүгіне алады», - дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман ӘБІЛШАЙЫҚОВ.