Ағашты заңсыз кескендер жазаланады

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жыл басынан бері ағашты заңсыз кесу бойынша 100 жуық қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше 119 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Ағаштарды заңсыз кесу фактісі көбіне Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облысында тіркелген.

Полиция қызметі қомақты залал келтіру мен табиғи ресурстардың жойылуына байланысты қосымша күштер мен құралдарды тарта отырып, “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

– Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 381-1 бабы бойынша санкция 50 -150 АЕК дейін айыппұлды қарастырылған, - дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Төлеубай Мұхамадиев.

Оқи отырыңыз: Таразда алаяқтар бөтеннің үйі мен пәтерін иемденіп, сатумен айналысқан

Новости партнеров