Алименттік қарыз: Алматыда «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті

27.08.2022 19:21

Биыл 44 адам жұмысқа орналасты

Almaty.tv

Алматыда алименттік қарызы бар адамдарға арналған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараны Әділет департаменті қалалық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп ұйымдастырды. Борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында жасалған осындай жәрмеңкелердің арқасында биыл 44 адам «екі қолға бір күрек» тапты. Ал алимент берешегін төлеуден жалтарған 75 азамат әкімшілік және 2 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Негізі Алматы қаласының өзінде 19 мың борышкер бар. Жалпы қарызы 2 миллиард теңгеден астам. Жәрмеңкеге алимент бойынша жұмыссыз адамдар қатысады, керекті ақпарат алады. Жылына осындай шара 4 рет өткізіледі, әр тоқсан сайын. 2020 жылдан бастап 44 адам жұмысқа орналастырылды», – деді Медеу ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Түлендинов.