Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедияров дәрі-дәрімектер мен медициналық өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу шаралары туралы айтып, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шілде айының ортасынан қыркүйек айының соңына дейінгі кезеңде құқық қорғау органдарының қатысуымен қала бойынша дәріхана ұйымдарына дәрілік заттардың бағасын көтеруге тексеру жүргізді. Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша жалпы сомасы 28 млн теңгеден асатын 156 айыппұл салды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары тексеру жүргізгеннен кейін бүгінгі күні жағдай тұрақты – соңғы айда дәрілік заттың бағасын көтеруге қатысты бір ғана өтініш келіп түсті. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
«Дәріхана ұйымдары бағаны Денсаулық сақтау министрлігінің бөлшек сауда бағалары туралы бұйрығына сәйкес келтіреді. Сондай-ақ нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, коронавирус инфекциясын емдеу және алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді бір реттік әкелу рәсімі жеңілдетілді. Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер сапасының қауіпсіздігіне бағалау жүргізу мерзімі енді 3 жұмыс күнін құрайды», – деп атап өтті М. Мұхамедияров.
Мұның бәрі дәрілік заттарды қайта тіркеуді тоқтатпау үшін жасалған, сонымен қатар дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің жедел сараптамасы қарастырылған.