Семинарда теріс ағымдарға қарсы күрестің жаңа тәсілі талқыланды
Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жиыны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Семинарда теріс ағымдарға қарсы күрестің жаңа тәсілі талқыланды. Дінтанушылар мен исламтанушылар, психологтар мен осы саладағы білікті мамандар өз ойын білдіріп, алдағы жоспарды пысықтады.
– Негізі акцент жұмыссыз жүрген жастарға және топтарға бағытталды. Алматының өңірлерінде сараптама жасадық. Соның нәтижесінде тізім жасап, жоспар дайындадық, – деді Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов.
Бұл топ 7 жыл бұрын құрылған. Бүгінде оның құрамында теологтар мен дінтанушылардан бөлек, арнайы мамандар да бар. Олар университеттер мен басқа да мемлекеттік мекемелерге барып, теріс ағымның белгілерін және оларға қосылудың салдарын түсіндіреді. Дінтанушының айтуынша, адам көп жиналатын, соның ішінде базарларда да жұмыс жүргізіледі.
– Тыңдаушыларға еліміздің заңнамасын түсіндіреміз. Діни саладағы ахуал қандай? Көп жастар далада уағыз айтуы мүмкін. Исламға ғана қатысты емес, басқа дін өкілдері жүреді. Миссонерлік қызмет туралы айтып, түсіндіреміз, – деді дінтанушы Әл-Фараби Болатжан.
Оқи отырыңыз: АЭС құрылысы Қазақстанның қай облысында салынады