Шымкентте кене шаққан тұрғын көз жұмды

Almaty TV
Almaty TV

Үш адам Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте үш адам Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп, үйге шығарылды. Ал Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны кене шаққаннан кейін ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол зиянкес арқылы таралатын вирусқа шалдығып, үш күн жансақтау бөлімінде жатқан. Алайда азамат есін жимастан ауруханада көз жұмды. Қазір тағы бір адам ауру жұқтырды деген күдікке ілінді. Мамандар оның конго-қырым геморрагиялық қызбасына талдауын тексеріп жатыр.

– Кене шаққан кезде жалаң қолмен жұлуға немесе біреуге жұлдыруға болмайды. Дәрігерге қаралып, оның қадағалауымен кенені алу керек. Дене қызуы көтеріліп, қанаса дәрігердің көмегіне жүгіну қажет, – деді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали Ережепов.

Оқи отырыңыз: Әкеме айтып беремін: Павлодарда қызын өлтірген анаға сот үкімі шықты

Новости партнеров