Алматыда үй өртеніп, бір жасар бала көз жұмды

elements.envato.com
elements.envato.com
Қайғылы жағдай кеше түнде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Жетісу ауданында жеке сектордағы үй өртеніп, бір жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қайғылы жағдай кеше түнде болған. Ағаштан жасалған баспананың шатырынан бастап, шаруашылық ғимараты мен уақытша салынған үй-жайға дейін отқа оранған. Барлығы 200 шаршы метр аумақты жалын шарпыған.

Отты сөндіруге келген төтеншеліктер 2 адамды құтқарып қалыпты. 1994 жылы туған ер адам мен 1993 жылғы әйел №4 қалалық ауруханасына ессіз күйде жеткізілген.

Ал 1 жасар сәби, өкінішке қарай, өрт сөндірушілер келгенше қайтыс болып кеткен.

«12 қыркүйек 2024 жылы 23 сағат 30 минутта Алматы қаласы күштері мен құралдары күшейтілген шақыртуға жөнелтілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт орнында 11 бірлік техника және 39 адам өрт сөндіруге жұмылдырылды», - деді Жетісу аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Арман Макенов.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден кұлап кетті

Новости партнеров