|
13.09.2024 | 08:43
1581

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден кұлап кетті

Оқиға орнында түсірілген кадарлар әлеуметтік желіде пайда болды

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден кұлап кетті стоп кадр

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды. Жолаушылар автобусы көпірден "ұшып кетіп", көлікке құлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнында түсірілген кадарлар әлеуметтік желіде пайда болды. 

"Куәгерлер жолаушылар автобусы Алматы облысындағы Қаскелең көпірінен құлағанын айтты",- делінген egovpress Telegram-дағы арнасындағы жазба астында. 

Жазба астында Алматы облысының полиция департаменті пікір қалдырған. Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

"12 қыркүйекте Алматы-Бішкек тасжолының 25 километрінде келе жатқан Yutong Bus автобусының жүргізушісі бұрылу маневрін жасап, рульді басқара алмай, қоршауға соғылған. Одан кейін көпірден Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы бөлігіне құлаған. Жол апаты кезінде автобус жүргізуші ішімдік ішпеген, қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарда. 

Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ал көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Оқи отырыңыз: Ойыннан от шықты: Атырауда 9 жастағы бала велосипедті өртеп жіберді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир