«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшысын ауыстыру керек - Юрий Жулин

halyq-uni.kz
halyq-uni.kz
Депутат «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы мемлекеттік орган тарапынан айтылған талаптарды орындамайтынын атап өтті.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшысын ауыстыру керек. Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысына осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

«Өткен аптада болған апаттың тергеу жұмыстары аяқталғанша, топ-менеджерлерін Қазақстан шекарасынан шығаруға тыйым салу қажет» дейді Юрий Жулин. Депутат «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы мемлекеттік орган тарапынан айтылған талаптарды орындамайтынын атап өтті. Ол тәуелсіздік алғаннан бері қызметкерлерінің жалақысын үнемдеп, модернизация жасамай, миллиардтап шығынын өтеп алған компанияға нақты шара қабылдауды сұрады.

«Тергеу аяқталғанға дейін компанияның топ-менеджерлері ешқайда кетпей, барлық жауапкершілікті өз мойнына алуы керек деп есептейміз. Бар жүкті қарапайым менеджерлер мен жұмысшыларға артуды доғару керек. «АрселорМиттал Теміртау» заңды құрметтеуге және алған міндеттемелерді орындауы тиіс. Үкіметтің демонстрациялық құлықсыздығы жағдайында меншік иесін ауыстыру мәселесімен байыпты айналысатын кезі келді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Жулин.

Новости партнеров