Жетісу ауданында әлеуметтік жобаларды сапалы орындауға үйрететін тренинг өтті

07.11.2019 22:24

Қазіргі таңда елімізде «Атамекен», «Бизнес-Бастау», «Іскер ана» секілді көптеген жобалар іске қосылған

Халықтың әл ауқатын жақсарту мақсатында іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды сапалы және кәсіби орындауға мүмкіндік беретін арнайы тренинг өтті. Жетісу ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға әр түрлі мекеме қызметкердері қатысып, тәжірибелерін шыңдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда қоғамның жағдайын жақсарту үшін арнайы жобалар қызметкерлерінің кәсіби тәжірибелерін арттыру қажеттігін айтқан болатын. Қазіргі таңда елімізде «Атамекен», «Бизнес-Бастау», «Іскер ана» секілді көптеген жобалар іске қосылған.

«Қазіргі таңда қалалар мен ауылдарда халыққа көмек көрсету қызметтері жасалуда. Ал, бүгін осы мақсатта құрылған әр түрлі жобалардың қаншалықты халықтың тұрмыстық деңгейін жақсартып жатқандығын бақылап, бағалау үшін жиналдық. Біздің тыңдаушыларымыз – Үкіметтік емес қоғам қызметкерлері мен әр түрлі жобаларды іске асыратын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Тренинг барысында олар мониторинг жасауды және бағалауды тереңірек үйренеді», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің кеңесшісі Захира БЕГАЛИЕВА.