Тобыл өзеніне ағып кеткен 8 жастағы баланың мәйіті табылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Суға ағып кеткен баланы іздеу жұмыстары аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында Тобыл өзеніне абайсызда құлап, суға ағып кеткен баланы іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бес күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде баланың денесі табылды.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 18 тамызда Б.Майлин ауданының Козыревка ауылында болды. Тобыл өзені арқылы топырақ үйіндісінен өту кезінде ер адам мен 8 жасар бала абайсызда суға құлап кеткен. Ер адам судан өз бетімен шыға алды, алайда, баланы ағын алып кетті.

«Қостанай облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен Тобыл өзенінің акваториясы ауданында 8 жастағы баланың денесі табылды. Іздеу бес күн бойы жүргізілді», - деді ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Дмитрий Жданов.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанда дамба жарылып, 160 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Новости партнеров