«Алтын Орда» базары ауданындағы автожол учаскесін реконструкциялау қазанда аяқталады

09.09.2021 19:25

Министрлік мәліметінше, бүгінгі таңда аталған учаскеде барлық негізгі жұмыс аяқталған

inform.kz

Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базары ауданындағы автожол учаскесін реконструкциялау қазанда аяқталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базары ауданындағы автожол учаскесі алып мегаполистің барлық тұрғындарын толғандырады. Республика Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, қазан айында осы көлік жол айырығындағы жұмыстар толығымен аяқталады», – деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Министрлік мәліметінше, бүгінгі таңда аталған учаскеде барлық негізгі жұмыс аяқталған. Транзиттік көліктің өтуі үшін эстакаданың құрылысы жедел қарқынмен жүргізіліп жатыр.


Теги: жол базар