Бүгін қазақтың қос ғарышкерінің туған күні

27.07.2020 19:25

Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов 27 шілдеде дүниеге келген

Бүгін, яғни 27 шілдеде қазақстандық екі ғарышкердің туған күні, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Совет Одағының Батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикалық Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 74-ке толса, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Қазақстанның Халық қаһарманы Айдын Айымбетов 48 жасқа келіп отыр. 

Ғарышкердің екеуі де бір күні – 27 шілдеде дүниеге келген. Екеуі де Армавир жоғары әскери авиация мектебін бітіріп, әскери ұшқыш, кейінірек ғарышкер атанды. Екеуі де ғарышқа 2-сі күні ұшты. Бірақ ай жағынан (қыркүйек пен қазан) айырмашылық бар. Екеуінің де экипаждарының командирлерінің тегі Волков еді. Әубәкіровтың командирі кеңес ғарышкері Александр Волков болса, Айымбетов ұшқан уақытта Александрдың – ресейлік ғарышкер Сергей Волков командир болған.