Алматы тауларында адасып кеткен ағылшын азаматы табылды

Алматы тауларында адасып кеткен ағылшын азаматы табылды
1979 жылы туған Ұлыбританиялық Макогон Романның адасып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Чимбулачка» шыңында адасып кеткен ағылшын азаматы табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы қаласының құтқару қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 21:08-де төтенше жағдайлар департаментінен «Чимбулачка» шыңынан түсіп бара жатқан кезінде 1979 жылы туған Ұлыбританиялық Макогон Романның адасып кеткені туралы хабарлама түскен.

«Іздестіру жұмысына «Тұйық су» лагерінен экипаж жолға шығады. Сағат 22:44-те құтқарушылар адасқан адаммен визуалды байланыс орнатқан (ол таудың арғы жағында болды). Екі жақ кездесу орнына дейін қозғалысты жалғастырған. Сағат 00:30-да құтқарушылар адасып кеткен адаммен кездесіп, төменге түсе бастайды. Сағат 02:45-те олар «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына келеді. Мұнда ағылшын азаматын әйелі күтіп алды. Сондай-ақ оған медициналық көмек қажет болған жоқ»,- делінеді Алматы қаласының құтқару қызметінің хабарламасында.

Новости партнеров