Алматы әкімінің орынбасары балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобымен кездесті

Алматы әкімінің орынбасары балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобымен кездесті
Олар іссапар аясында 70-тен астам оқу және білім ордасын аралайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық Кеңестің жұмыс тобы мүшелерінің қала әкімдігінің құрылымдық басқармаларымен кеңесі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

12 қарашадан бастап «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің сараптамалық тобы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру ұсыныстарын зерделеу және жинау мәселелері бойынша Алматы қаласында өз жұмысын бастайды. Бағдарлама бойынша қаладағы барлық сегіз ауданға бару жоспарланған.

Мұндағы басты мақсат – «Бақытты отбасы» жобасымен танысу, балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету құралдарын енгізу, аймақтық деңгейде баланың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін ведомстволардың қызметін бағалау.

Кеңесте Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының м.а. Жанар Мадеева, білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова, әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашеваның, Алматы қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы Төрехан Исиннің баяндамасы және қалада балаларды қолдау бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы есептер тыңдалды.

Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобы қалада 19 қарашаға дейін жұмыс істейтін болады.

Алматыдағы топ сарапшыларының басты назарында орта жалпы білім беретін мектептер, жекеменшік балабақшалар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмысы ұйымдары болмақ.

Сонымен қатар, сарапшылар мамандандырылған интернаттардың, балалар үйінің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, мамандандырылған мектептердің, Оқушылар сарайларының жұмысымен танысады.


Новости партнеров