Министр елдегі пойыз вагондарының тапшылығы қашан шешілетінін айтты

30.07.2024 20:05

Марат Қарабаевтың сөзіне сенсек, соңғы 10 жылда жаңа вагондар сатып алу мәселесі мүлдем қаралмаған

Almaty.tv

Қазақстанда пойыз вагондарының тапшылығы 2026 жылы шешіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көлік министрі Марат Қарабаев қатынап жүрген вагондардың 30 пайызы 25 жыл бұрын шығарылғанын айтты. Министрдің сөзіне сенсек, соңғы 10 жылда жаңа вагондар сатып алу мәселесі мүлдем қаралмаған.  

– Қаржы басқа ірі жобаларға бағытталды. 2017-2018 жылдары жаңа сатып алынған вагондар саны 100-ден аз болса, былтыр 118 вагон алынған. Биыл 140, келесі жылы 224 вагон сатып аламыз. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 18 айдың ішінде вагон жеткізіле бастайды. Кейде одан да ұзаққа созылып кетеді. Осының бәріне уақыт керек. Сондықтан да 1200-ден астам вагон паркін сатып алу туралы келісімшартқа қол қойдық. Есебіміз бойынша, 2026 жылға қарай жеткілікті мөлшерде вагон келеді, – деді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.

Оқи отырыңыз: Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарау керек - Олжас Бектенов