Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

28.06.2021 19:27

Басқарма төрағасы қазақстандық барлық БАҚ өкіліне осындай мереке күні іске адалдығы мен аянбай қызмет еткендері үшін алғыс білдіріп, жаңа шығармашылық табыс тіледі

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Бааспасөз қызметі

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Роза Қуанышбекова Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай журналистермен кездесті.

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, Алғыс хат тапсырып, институт басшысы тығыз ынтымақтастық және олардың жемісті еңбегі үшін өз алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Журналистика – өте қызықты да жауапты мамандық. Сіздер күнделікті халыққа еліміздегі, сонымен қатар бүкіл дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтарды жариялап, қоғамдық пікірді қалыптастырасыздар. Сіздер бүкіл адам үшін маңызды денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді көтересіздер. Сіздер денсаулық сақтау саласына қатысты бүкіл жаңалықты шұғыл түрде халыққа жеткізесіздер», – деп атап өтті Роза Тохтанәліқызы.

Басқарма төрағасы қазақстандық барлық БАҚ өкіліне осындай мереке күні іске адалдығы мен аянбай қызмет еткендері үшін алғыс білдіріп, жаңа шығармашылық табыс тіледі.

Кездесуде «Медицинадағы инновациялар» журналының бас редакторы Ерлан Тастанбеков, «Алматы» ТА ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар департаментінің директоры Айгерім Ағылтаева, блогер Думан Қапасов, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы Айнаш Есали, «Baq kz» ақпараттық агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі Әділет Мұсахаев, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Алма Мұқанова, «СТВ» ТА корреспонденті Максим Григорьев, «Жас қазақ» АА тілшісі Мақпал Ноғайбаева және т.б. болды.

Тілшілер өз кезегінде осындай кездесу үшін клиника басшысына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.