«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Конкурсқа қатысу үшін өтінім 15 маусымға дейін қабылданады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлгіне сілтеме жасап.

Конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық (қалалық) кезең, екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді қажетті құжаттармен қоса арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссиялар 2022 жылғы 15 маусымға дейін қабылдайды.

Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.

Новости партнеров