Ақтауда қызметтік көлікте ұйықтаған полиция қызметкерлері қатаң сөгіс алды

04.05.2019 19:27

lada.kz

Ақтаудада қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полиция қызметкерлері қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметінше, қала тұрғындары қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полиция қызметкерлерінің суретке түсіріп, желіге жариялаған.

«Осы жағдайдан кейін тәртіптік комиссия құрылып, полиция қызметкерлеріне қатты сөгіс жарияланды. Және оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД-нің баспасөз қызметі.