Түрік этно-мәдени ұйымы әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтады

05.03.2020 19:27

Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясына – 25 жыл

Almaty.tv

Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясына – 25 жыл. Мерейлі мереке әйелдер мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Осы мақсатта «Достық» үйімен түрік этно-мәдени ұйымы бірлесіп әйелдер қауымын құттықтады, деп хабарлады Almaty.tv.

Бүгінде Ассамблея жанынан құрылған «Аналар кеңесі» жұмыс істейді. Бұл құрам қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде белсенді қызмет етіп келеді. Олар көпбалалы, жалғыз басты аналар мен жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіп, көптің ықыласына бөленіп жүр. Бүгінгі шараның да көздегені – айырымдылықпен айналысып жүрген қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсету.  

«Қоғамымызда әлеуметтік-саяси, мәдени өзгерістер болып жатыр. Ерекше бір кезеңді басымыздан өткеріп жатырмыз. Сол жағдайда, әрине, ең алдымен әйел адамның отбасының негізін құрастырушы тұлға ретінде яғни, ана ретінде, балаларға тәрбие беретін тұлға ретінде орны мен мәні зор», – деді «Қоғамдық келісім» РММ директоры Саттар МӘЖИТОВ.