Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

14.05.2019 19:28

АҚШ-та бүгінгі таңда 3,5 млн мұсылман бар

13 мамыр күні Дональд Трамп Ақ үйде мұсылман қауымына ауызашар жасады, деп хабарлайды stan.kz.

«Рамазан - бұл АҚШ пен әлем мұсылмандары үшін қасиетті ай», - деді АҚШ президенті ауызашар кезінде.

Трамп екінші жыл қатарынан Ақ үйде ауызашар жасап отыр. АҚШ-тың Трампқа дейінгі үш президенті де жыл сайын Рамазан айында Ақ үйде ауызашар жасауды дәстүрге айналдырған. Дональд Трамп осы дәстүрді бұзып, 2017 жылы ауызашар жасамағаны үшін сынға іліккен болатын.

Себебі АҚШ-та бүгінгі таңда 3,5 млн мұсылман бар. Ислам діні бұл елде кең етек алып келеді. 2050 жылы АҚШ-та ислам дінін қабылдағандар саны 8,1 млн адамға жетеді деген болжам бар.