Карантин жағдайында тамақ жеткізу: ережелер мен нұсқаулар

02.04.2020 19:28

Бұл жерде карантин кезінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына арналған уақытша қағидалары ұсынылды

Almaty.tv


ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің карантин кезінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына арналған уақытша қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тамақ өнімдерінің сақталуын, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тамақ дайындау технологиясының талаптарын, жарамдылық мерзімдерін, тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу шарттарын сақтау қажет.


1. Әрбір тапсырыс тағамның атауы, дайындалған күні мен сағаты көрсетіле отырып, тамақтану объектісінің есептік құжаттамасында тіркеледі.

2. Жолаушылар мен тамақты бір мезгілде тасымалдау мүмкіндігін болдырмау үшін (немесе көлік тек тамақты тасымалдауға арналған) өнімдерді жеткізу бойынша тапсырыстарды қоғамдық тамақтану объектісіне жақын орналасқан халықтан қабылдау.

3. Қоғамдық тамақтану өнімдерін өндіру кезінде технологиялық процестердің ағымдылығын сақтау қамтамасыз етіледі.

4. Карантин кезеңінде өнім ассортиментін, көп компонентті салаттарды қысқарту, кремді-кондитерлік өнімдерді алып тастау.

5. Қоғамдық тамақтану ұйымынан тыс жерде өткізуге арналған салат өнімдерін, бірінші, екінші тағамдарға тұздықтар құюға жол берілмейді. Тағамдарға тұздықтар жеке тұтыну ыдысында, қаптамада жеткізіледі.

6. Өнімді жеткізу тамақтың дайындалған күні мен уақытын көрсете отырып, өнімнің екінші рет ластануын болдырмайтын бір рет қолданылатын ыдыста жүргізіледі.  

7. Персонал арнайы санитариялық киіммен (халаттар, орамал бас киім, таңғыштар немесе шашқа, сақалға арналған торлар), сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарымен (маска, әр 2 сағат сайын ауыстырылатын бір рет қолданылатын қолғап), антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі;

8. Өнімді жеткізушілер (курьерлер) жеке қорғаныш құралдарымен (әрбір 2 сағат сайын ауыстырылып, дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге жататын маска, медициналық немесе басқа да қолғаптар), антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

9. Көлік құралын әр 2 сағат сайын өңдеу, желдету және егер салондағы орындықтар мен тыстар өңделмейтін болса, өнімді тек жүксалғышта тасымалдау. Жүксалғышта тамақ өнімдері үшін пайдаланылмайтын азық-түлік емес материалдарды тасымалдауды болдырмау. Көлік құралын таза ұстау.

10. Дәрі қобдишасының құрамына антисептикалық ерітінділер, маскалар, бір рет қолданылатын ылғалды майлықтар мен оңай өңделетін сулықтар кіруі тиіс.  

11. Мақсатына қарамастан объектінің барлық үй-жайларында кемінде 30 мин экспозициясымен бактерицидті шамдарды пайдалану, тоңазытқыш және технологиялық жабдықтарды әрбір 2 сағат сайын өңдеу. Тек қолғаппен жұмыс істеу.

12. Жұмыскерлер штатын ең азға дейін қысқарту, күніне кеміне 2 рет күнделікті термометрия. Кешке барлық арнайы киім ылғалданады  және өңделеді, күн сайын арнайы киімді ауыстыру және объектінің ішінде өңдеу. Бір рет қолданылатын арнайы киімді пайдалану ұсынылады.

13. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету – персонал мен келушілерге арналған есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, технологиялық жабдықтарды, үстелдерді, санитариялық тораптарды дезинфекциялық сулықтармен (немесе дезинфекциялық құралдардың ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып үй-жайларды желдету және ылғалды жинау, кварцтау.

14. Өнімді жеткізу кезінде клиентке алдын ала телефон арқылы хабарлай отырып, өнім салынған кәрзеңкені есіктің жанына қалдырып, тұтынушымен байланыс жасамау (есік қақпау, қоңырау шалмау, қоңырау шалу түймесін ұстамау).

15. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) бар персоналды жұмысқа жібермеу.

16. Персонал мен өнімді жеткізушілерге өнімге түсіп кетуі мүмкін әшекейлерді (сақиналарды, сағаттарды, басқа да заттарды) киюге тыйым салынады, егер мұндай әшекейлерді шешу мүмкін болмаса, оларды бүтін, таза және санитариялық жағдайда ұстауға болатын және өнімді, беттерді және қаптамалау материалдарын ластанудан тиімді қорғайтын материалдың көмегімен оқшаулау қажет.

17. Қолғаптар су өтпейтін материалдан дайындалуы, бүтін және  таза болуы тиіс.

18. Тамақ ішу қағидалары туралы жадынамаларды әзірлеу (пайдаланылған бір рет қоданылатын ыдысты пакеттерге салу және дәретханалардың қоқыс себеттеріне тастау), кабинеттерде тамақ қалдықтарын қалдырмау.

19. Объектіде жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты жұмыскерді бекіту.