Нұр-Сұлтанда вокзал маңында болған төбелестің видеосы жарияланды

07.12.2019 19:30

Көліктегі полиция департаментінің өкілдері осы дерекке қатысты тексеру жүріп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан қаласының "Нұрлы жол" вокзалының көлік тұрағында жүргізушілер төбелесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Көліктегі полиция департаментінің өкілдері осы дерекке қатысты тексеру жүріп жатқанын айтты.  

"Нұрлы жол" вокзалы өкілдерінің мәліметінше, оқиға 6 желтоқсанда таңғы уақытта болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары ер адамдардың тұрақ үшін таласқан болуы мүмкін екенін айтып жатыр.