Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаулыға сәйкес, демалыс күндері ауыстырылды:
• 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;
• 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге.
Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.