Халық санағынан өткендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр

26.10.2021 19:32

Елімізде халық санағынан 17 миллионнан астам адам өтті

Almaty.tv

Халық санағынан 17 миллионнан астам адам өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Соңғы ақпарат бойынша қазақстандықтардың 40 пайызы науқанға онлайн қатысса, 51 пайызы сауалдарға дәстүрлі түрде жауап берген.

Санақтан өткендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Әсіресе, Әуезов ауданының тұрғындары белсенділік танытып жатыр.

«Қазіргі таңда Әуезов ауданы бойынша халық санағы толық жүргізілуде. Мысалы, бұған дейін халық санағы тек онлайн режимде өткен болса, қазіргі таңда офлайн режимде 372 интервьюер Әуезов ауданы бойынша белсенді қатысып отыр. Аудан тұрғындары еш қиындық тудырмай, атсалысуда», – деді Әуезов ауданы әкімі аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мирас Дәуренұлы.