21,5 кг ойыншықтар сауда кәсіпорындарында сатудан алынды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жыл басынан бері қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін 706 ойыншық анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Өнімнің қауіпсіздігін мониторингтеу аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншықтарының 1499 үлгісін зерттеді. Тексеру нәтижесінде 706 үлгі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» талаптарға сәйкес келмеді, бұл 47,1%-ды құрады. Оның ішінде, отандық - 9 (1,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 59 (8,4%), басқа елдер - 638 (90,3%)» - деп атап өтті комитет өкілдері.
Заңбұзушылықтардың негізгі бөлігі таңбалау талаптарын бұзуға қатысты - 97,6%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша 3,3% жағдай анықталды. Санитариялық-химиялық бойынша 23 үлгіде қауіпсіздік көрсеткіштері асып кеткен.
Оның ішінде:
- ксилол-5 ойыншық (Novel special «Рыбалка» ойын жиынтығы, Fighting Eagle тапаншасы, 6+ жастан асқан балаларға арналған «GYROSCOPE SERIES», пластмассадан жасалған қуыршақ, «L.O.L surprise!», ҚХР ыдыс жиынтығы);
- бензол — 4 ойыншық («FREEZE II» қуыршағы, «Лариса MONSTER GIRL» қуыршағы, «THUNDERCYRO» балаларға арналған пластмассадан жасалған ұшатын диск ойыншығы, ҚХР ыдыстар жиынтығы);
- фенол — 3 ойыншық («Вкусняшка» антистресс ойыншығы, «Lovely baby» қуыршақ ойыншығы, «Юла» балалар ойыншығы);
- гептан — 2 ойыншық ( «Военный» ойыншық жинағы, пианино «Little musicial» балалар ойыншығы);
- формальдегид — 3 ойыншық (автомобиль трансформаторы Мини W ТОБОТ, «Қуыршақ» ойыншығы, ҚХР ыдыс жиынтығы);
- этилацетат — 1 ойыншық («Baby Shop» қуыршағы);
- стирол — 2 ойыншық (пластмассадан жасалған қуыршақ, «L.O.L surprise!», ҚХР ыдыстар жиынтығы),
метил спирті-1 ойыншық («Лариса MONSTER GIRL» қуыршағы),
изопропил спирті-1 ойыншық («Baby Shop» қуыршағы),
изобутил спирті — 1 ойыншық ( «Baby Shop қуыршағы).
Анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіріліп, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, забұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді.
21,5 кг ойыншықтар сауда кәсіпорындарында сатудан алынды.
«Сатуға қойылған өнім оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатылды. Кейбір ойыншыққа Қырғызстан және Ресей сертификаттау органдары берген сәйкестік сертификаттары ұсынылған, осыған байланысты Ресей Федерациясының сәйкестікті растау органдары берген сәйкес келмейтін ойыншықтарға сәйкестік сертификаттарының қолданылуын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне 2 материал жіберілді», - делінген хабарламада.