Оқиға әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында анықталған
Қарағанды облысында балаға қол жұмсаған тәрбиешіге қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қызу талқыға түскен бұл бейнежазба 24 наурыз күні әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында анықталған. Белгілі болғандай, аталған жайт Абай қаласындағы 550 орындық «Әдемі» балабақшасында болған. Жекеменшік нысан 2021 жылы ғана жұмысын бастапты.
«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен 20 жастағы күдікті анықталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.