Алматы-Қорғас тасжолында ыстықтан бетон плита көтеріліп кетті

03.07.2021 19:34

Әлеуметтік желіде видео тарағаннан кейін жауапты мамандар оқиға орнына барып, жедел арада жөндеу жұмыстарын жүргізді

Алматы-Қорғас тас жолында ауа райының күрт ысып кетуіне байланысты бетон плиталар көтеріліп кетті. Жол жабынының орнынан жылжуы салдарынан бірнеше көлік зақымдалған. ҚазАвтоЖолдың мәлімдеуінше, бұл жағдай ақылы автомобиль жолының 86-шақырымында, яғни Бәйдібек би кентінің маңында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Айта кетейік, әлеуметтік желіде видео тарағаннан кейін жауапты мамандар оқиға орнына барып, жедел арада жөндеу жұмыстарын жүргізді.