Жолбарыстардың есімдері Лад пен Бентли
Алматы зообағына амур жолбарыстары әкелінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы зообағының баспасөз қызметінде хабарлағандай, жануарлар 27 қараша күні Астана циркінен жеткізілді. Қазіргі уақытта жыртқыштардың жағдайы жақсы.
«Жолбарыстар қазір арнайы карантинде. Қажетті вакцинаны, дәрумендерді, ауруларға қарсы басқа да екпе-дәрілерді алды. Жас болғандықтан қимылдары ширақ. Бір-бірімен алысып, ойнайды. Күнделікті 6 келіден ет (сиыр, тауық, қоян еті) беріледі», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, жолбарыстардың есімдері Лад пен Бентли.