1 наурызынан бастап қазақстандықтар анықтамалар мен бірнеше құжатыұсынбай-ақ, әскери қызметті өткеру туралы өз мәртебесін бір жүйеден біле алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бірнеше ай бұрын елордалық әскери комиссариаттардың біріне барып, Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен бірге осы саланы цифрландыру жоспарын талқылаған болатынбыз. Сонда көтерілген мәселелердің бірі- әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке шақырудан босату немесе кейінге қалдыру мақсатында талап етілетін анықтамадан арылту болатын. Ол үшін бірнеше жүйені біріктіру қажет еді.
Араға уақыт салып, бірлескен жұмыс нәтижеге қол жеткіздік. Мәселен, осы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтар анықтамалар мен бірнеше құжатты ұсынбай-ақ, әскери қызметті өткеру туралы өз мәртебесін бір жүйеден біле алады», - деп жазды министр.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, қазақстандықтарды әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру туралы ақпарат беретін проактивті мемлекеттік қызметті іске қосты.
«Әскерге баруға міндетті ер адамдарға, яғни 18-27 жастағы азаматтарға әскерден босату немесе кейінге қалдыру бойынша тиісті ақпарат телефонына хабарлама ретінде жолданатын болады. Мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтар ғана хабарлама алатынын атап өтемін. Қазіргі күні 500 мың әскерге шақырылушы 1414-тен ЅМЅ хабарлама алып үлгерді», - деп толықтырды Б.Мусин.