Astana Media Week апталығының үшінші күні өтіп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Апталыққа 11 елден медиа саласының сарапшысы келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Елордада Astana Media Week-2022 апталығының үшінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биылғы іс-шарада таңдалған тақырып «Жаңа дәуір - жаңа медиа». Басқосудың соңғы күнінде баспасөз қызметінің хатшылары үшін бөлек сессия жұмысы қарастырылды. Қазақстанның барлық өңірінен келген сала мамандары ақпараттық кеңістіктегі проблемалық мәселелерді талқылап, ой бөлісті. Сапалы, объективті ақпарат берудің тың  тетіктерін талқылады. Жалпы Astana Media Week-2022 апталығына 11 елден медиа саласының сарапшысы келіп, пікір алмасып қайтты.

«Astana Media Week-2022 жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл алтыншы рет өтіп жатыр. Бұл басқосуға еліміздің барлық өңірінен 2000-нан аса БАҚ өкілі қатысты. Отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлер, ақпараттық платформалардың басшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, журналистер, блогерлер және тәуелсіз сарапшылар тәжірибе алмасып, түрлі талқылаулар жасады. Іс-шара дәстүрлі түрде «Үркер» сыйлығының салтанатты рәсімімен аяқталады», – деді Astana Media Week апталығын ұйымдастыру комитетінің мүшесі Махаббат Есен.




Новости партнеров