«Қара қылды қақ жарып» шешім шығаратын лауазымды тұлғаларға қатысты бірқатар өзгерістер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жүйедегі жаңашылдықтар бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында талқыланды. Маңызды құжат судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мен сот төрелігінің атқарылу сапасын көтеруге бағытталған. Негізгі 3 бағыттан тұратын бастамада сот жюриінің жұмысын жетілдіру де қарастырылған. Ендігі жерде олардың қатысуымен істі қарау кезінде заңбұзушылықтар болса, судьяға қатысты іс материалдарды тексерудің тәртібі қатаңдатылады
- Жұмыс құрылымы біраз жетілдірілді. Талаптар алынып тасталады, ал негізгі талаптары күшейтіліп, судьяның біліктілігін бағалау мәселесінде өзгеше формат қолданылады. Қазіргі біздің енгізіп отырған жаңалыққа сәйкес, сот/судья қандай да бір кемшілік жіберсе, ол жоғары соттың немесе облыстық соттың төрағасынан тыс сот қазысында қаралады, - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров.
Судьяның кәсіби қызметін бағалаудың да жаңа тәсілі қолданылады. Ұсынылған заң жобасы бойынша қазіргі қолданыстағы норма алынып тасталынбақ. Яғни, судьялардың бір жылдық қызметінің нәтижелері емес, алғашқы үш жылдық біліктілігі ескеріледі. Мұнымен қоса, тәртіптік істерді қарау кезіндегі қазылар алқасының құрамы 9-дан 15 мүшеге дейін артады. Бұл тізімге 13 судья, кеңесші, дауыс құқығы бар заң қоғамдастығының екі өкілі кірмек. Маңызды құжатты қос палата депутаттары мақұлдады. Енді нақты шешім келесі оқылымда белгілі болмақ.
- Біз заңды өзгертуге ұсыныс жасадық. Жаңа заң нені көздейді? Әр өрескел жіберілген қателік міндетті түрде сот жюриінде қаралуы керек. Облыстық пленарлық отырыс болсын, олар ұсыныс ретінде өз қорытындысын береді. Сол кезде әр факт қаралады. Қазіргі қолданыстағы заңда мұндай мәселе жоқ, - дейді ҚР Жоғарғы соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов.
Оқи отырыңыз: Алматыда полиция орталықтары ашылады