Энергетика министрі Алматы тұрғындарымен кездесті

13.06.2022 19:34

Энергетика министрі газбен жүретін көліктердің мәселесі қарастырылып жатқанын айтты

Almaty.tv

Энергетика министрі Алматыдағы іс-сапарының аясында қала тұрғындарымен кездесті, деп Almaty.tv хабарлайды тілшісі.

Түйткілді сұрақтарға жауап берген Болат Ақшолақов әр сектор бойынша жұмыстың жоспары мен жобасын таныстырды. Әсіресе, қаладағы экология, газ бен жарық жүйесіне баса назар аударған жиынға қатысушылар аталған мәселелердің шешімі табылса дейді.

«Газбен қамтамасыз ету бекеті қазіргі уақытта жетіспейді. Соған байланысты министрге ұсыныс айтқанбыз. Автобустарға осы тағы да қосымша газбен қамтамасыз ету, автобустарға бекеттерді салу туралы ұсыныс айттық», – деді қалалық мәслихат депутаты Есенгелді Талбидинов.

Тұрғындар сұрағына жауап берген энергетика министрі газбен жүретін көліктердің мәселесі  қарастырылып жатқанын айтты. Бұл мақсатта қалада қосымша бекеттерді салу күн тәртібінде тұр.