Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті компанияның өтінішін қарастырып жатыр
Қостанайда электр қуатының құны өседі. Орта есеппен алғанда тариф бағасы 7 пайызға қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңірдегі энергоорталықтың айтуынша, бұған себеп – кірістің аздығы. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті компанияның өтінішін қарастырып жатыр.
– Электр энергиясының қымбаттауы тұтынушылардың орта есебіне, табиғи монополия субъектілерінің тарифіне әсер етеді. Департамент қазір компания ұсынған құжаттарды қарастырып жатыр, – деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қостанай облыстық департаменті басшысының орынбасары Ілияс Елемісов.
Компания жыл соңына дейін несие берешегін өтеп, одан соң қызметін тоқтатады. Сәйкесінше, қарызын тұтынушылардың есебінен төлеуге құлықты. Ал жаңа жылдан бастап облысты электр энергиясымен басқа компания қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, жыл соңына дейін республика бойынша коммуналдық қызметтердің тариф құны өсуі мүмкін. Тозған желілерді жөндеуге байланысты баға өңірлерде 10-нан 20 пайызға дейін артады.
Оқи отырыңыз: СҚО-да бір отбасы газға уланып қалды