Түрлі тамақты әзілмен «әсемдеп», қалжыңмен «көмкеретін» фудблогер

Серікбай Мейірбекұлы тамақ істеуді ғаламтордан қарап, үйренген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қажы Серікбай Мейірбекұлы – жас фудблогер. Сіз бен біз күнделікті көріп жүрген блогерлерден ерекшілігі – ол тек қана тамақ жасаудың әдісін көрсетпейді, сонымен қатар оны әзілмен «аптап», мультфильмдегі кейіпкерлермен «күптейді». Видеоны көріп отқан адам тек қана тамақ әзірлеуді үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар оның көңіл-күйі көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қажы Серікбай Мейірбекұлы – Алматы облысына қарасты Үштөбе қаласында дүниеге келген. Қазіргі кезде Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 4 курста оқиды. Сонымен қатар, жеке кәсіп иесі. Шамамен 7 сынып оқып жүрген кезде, жұмыстан келген анасын қуанту үшін тамақ жасайды. Анасы баласының ынтасын жоғары бағалағандықтан, Серікбайдың тамақ істеуге қызығушылығы артады. Түрлі тамақ істеуді ғаламтордан қарап, үйренген. Сондай-ақ, курстарға қатысқан. Бүгінде TikTok-та Сheerful_sheff атымен танымал, 80 мыңнан астам оқырманы бар, оның тамақ жасауын миллионан аса адам ұнатып, лайк басқан.

«Алғаш анамды қуанту үшін қуырылған картоп жасадым. Кейін ютубтан басқа да тамақтардың жасалу жолын көріп, іздене бастадым. Қолымнан келетін іс болғандықтан, айналамның барлығы мұны қолдады. Жалпы әлеуметтік желіге қызығушылым жоқ, тамақты түсіріп, жүктеу идеясын досым ұсынған еді. Қазіргі кезде видеорецепті көріп, ұнатып жүргендер көп. Оқырмандар ыстық ықыласын білдіріп, жақсы пікірлерін жазып жатады. Сондықтан  TikTok-та, Instagram-да бесенді болып, көбірек видеолар салып, одан әрі дамытсам деп жүрмін», – деді фудблогер.

Жас фудблогердің арманы көп, бірақ оны іске асыруда аянбай еңбек ету керек деген ойда.

«Арманым өте көп, бірақ арман орындалу үшін мақсат қойып, әрекеттену қажет. Кулинария жолындағы арманым – әлемге әйгілі мейрамхана ашу, еліміздің атын шығару», – деді фудблогер Қажы Серікбай.

@cheerful_sheff

Блины

Новости партнеров