7 мың адам әлеуметтік қолдауға ие болды
Алматы қаласының әкімдігі тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ерекше назар аударады. Әсіресе, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты көмек көрсетіледі,деп хабарлайды Almaty.tv.
2019 жылы мүмкіндігі шектеулі 19 мыңнан астам адам оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілді, шамамен 7 мың адам әлеуметтік қолдауға ие болды, протездік-ортопедиялық, санаториялық-курорттық сауықтыру сынды көмектер көрсетілді, жеке көмекшінің, «инватаксидің», ыммен сөйлесетін маманның қызметтері пайдаланылды.