Алматыда Әшімов Сағи Асанәліұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Сағи Әшімов 1961 жылы 18 шілдеде дүниеге келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда театр және кино актері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әшімов Сағи Асанәліұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда театр және кино актері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әшімов Сағи Асанәліұлының құрметіне арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов, ҚазКСР халық артисі, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Есмұхан Обаев, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов, ҚазКСР еңбек сіңірген артисі Жанна Қуанышева, «Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалды және т.б. қатысты.

Сағи Әшімов 1961 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. «Өз дәніңді өсір», «Мазасыз балалары», «Ойлануға бір ай», «Қаралы сұлу», «Айсұлу жайлы аңыздағы», «Фара» сынды фильмде 20-дан астам рөлде ойнаған. 1982-1984 жылдары әкесі Асанәлі Әшімовтің «Шоқан Уәлиханов» атты 4 сериялы телевизиялық фильмінде Шоқанның рөлін сомдайды. Сағи Әшімов 1999 жылы 18 қазанда «Тоғысқан тағдырлар» атты алғашқы қазақстандық сериалдың түсірілімі кезінде қайтыс болды.

- «Құйрықты жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды». Бұл сөзді айтқанда иісі қазақтың ойына екі адам оралады. Бірі – Шоқан Уәлиханов. Екіншісі – сол Шоқанның бейнесін экранға әкелген Сағи Әшімов. Сағи сомдаған әр кейіпкер ішкі тазалығымен, шынайылығымен астасатын. Сағидың кинофильмдерде сомдаған рөлдері әрқашан ел жадында қалатыны сөзсіз. Өмірге алу үшін емес, беру үшін келген азамат. Досына, еліне, жеріне, отбасына, бала-шағасына нұр боп келген адам еді. Бірақ сол нұрымыз ертерек сөнді, - деді ашылу салтанатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Новости партнеров