Оқиға 18 қазан күні сағат кешкі 21.40 кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Жұмабаев даңғылында болған
Ұландық сарбаздар әйелді құтырған иттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 18 қазан күні сағат кешкі 21.40 кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Жұмабаев даңғылында болған.
«Қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген ұландықтар көмекке шақырған дауысты естиді. Аға лейтенант Азамат Түшкенов қарамағындағы жауынгерлер Ілияс Омар, Алмаз Батырғұлов және Далер Қабдылқақовты ертіп, дауыс шыққан жаққа дереу бет алды. Жақындағанда-ақ арсылдаған иттің даусы естілді. Расында алабай үлкен төбет әйелді талап жатыр екен. Әскерилер шұғыл түрде күш қолданып, жәбірленушіні арашалап қалды», - делінген хабарламада.
Жамандыққа жол бермей, дер кезінде көмекке келген ұландықтарға азаматша рахмет айтты.