Ардақ Әшімбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

28.08.2020 19:36

Бұған дейін Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары - Елбасының қауіпсіздік қызметінің басшысы болған

Фото: ашық дереккөзден

Ардақ Әшімбекұлы Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары –Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Елбасының қауіпсіздік қызметінің басшысы болған.