Биліктегі жемқорларды жедел анықтайтын арнайы бөлім құрылады

22.04.2020 19:36

Бөлім ішкі резерв және орта буынды лауазымдарды қысқарту есебінен қамтамасыз етіледі

ANTIKOR News22

Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау бөлімі құрылады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымды тұлғаларымен жасалынатын ауыр және аса ауыр жүйелік сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және оларды болдырмау мақсатында Агенттіктің құрылымында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жаңа жедел бөлім – орталық мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау бөлімі құрылады. Бөлім біздің ішкі резерв және орта буынды лауазымдарды қысқарту есебінен қамтамасыз етіледі", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов.