Буллинг: СҚО-да 150 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Almaty TV
Almaty TV

Прокуратура балабақшалар мен мектептерді тексерді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да кәмелетке толмағандардың құқығын өрескел бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл деректер өңір прокуратурасының балабақшалар мен мектептерді тексеруі кезінде белгілі болды. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мұндай құқықбұзушылықтың алдын алу үшін ешқандай шара қолданбаған. Сондай-ақ тексеріс жүргізілген нысандарда санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмағаны анықталды. Нәтижесінде 150 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, тағы 300 адамға әкімшілік жаза қолданылады.

– Прокуратураның бастамасы бойынша тексеру нәтижелері биыл 11 шілдеде облыс әкімінің орынбасары Тасмағанбетовтің қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңесте қаралды. Отырыс нәтижесінде анықталған құқықбұзушылықтарды жою шаралары мен орындау мерзімін анықтай отырып, жол картасын әзірлеу туралы бірлескен шешім қабылданды. Белгіленген кемшіліктер оқу жылы басталғанға дейін жойылады, – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Аида Бабасова.

Оқи отырыңыз: Ауызбастырық: Талдықорғанда қалалық білім бөлімінің экс-басшысы сотталды

Новости партнеров