Майнерлерге лицензия: мәжілісте жаңа заң жобасы қаралды

pixabay
pixabay
Майнинг-пулдар да экономиканың бір бөлігіне айналып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжілісте депутаттар бастамашы болған "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заң жобасы мен бес заңнамалық актіге ілеспе түзетулер мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Майнерлердің қызметін реттейтін заң жобасы мәжілісмендердің өздерінің бастамасы. Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, заң жобалары мемлекет басшысының цифрлық майнинг компанияларын құқықтық реттеу проблемалары бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. Олардың басты мақсаты – цифрлық активтерді өндіру мен айналымы үшін заңнамалық базаны құру.

"Майнерлер Қазақстан экономикасының толыққанды қатысушыларына айналып жатыр. Бұған дейін майнингті негізінен резидент еместер бұлттық қызметтерде жүзеге асырды. Қазақстан блокчейн индустриясының шикізат қосымшасы ретінде пайдаланылды. Заң жобалары бойынша біз майнерлерді Қазақстанда лицензия алуға, яғни заңды тұлға ретінде құрылуға және толыққанды салық салу субъектісіне айналуға міндеттейміз", – деді Екатерина Смышляева.

Майнинг-пулдар да экономиканың бір бөлігіне айналып жатыр. Майнерлер қызметін Цифрландыру министрлігі реттейді және лицензиялайды. Ал криптовалютаны енгізу кезеңі "Астана" халықаралық қаржы орталығының құзырында жүзеге асырылады деп болжанды.

Осылайша Қазақстанның қаржы жүйесі үшін болуы мүмкін тәуекелдердің алдын алу болды. Өйткені Қазақстанда криптовалюта төлем құралы болып саналмайды, оның айналымына тыйым салынады.

Заң жобасы бірінші оқылымда сәтті өтті. Ол бойынша мәжілісте жұмыс жалғасып жатыр.


Жалпы елімізде майнингпен айналысқан 150 компания анықталған. Бүгінде олардың үштен бірі қызметін тоқтатыпты. Энергетика вице-министрінің айтуынша, елде криптовалюта өндірумен айналысатын компаниялардың тәртібі белгіленді. Олар алдымен заңды тіркеуден өтіп, өз қызметі туралы Цифрлық даму министрлігіне хабар беруі тиіс.  Құрылтайшылары, өндіріс алаңы, жұмыс істейтін майнинг фермасы туралы мәліметтерді ұсынады. Сатып алынған, жеткізілген жабдықтарды көрсетеді. Толық ақпарат берілгенде ғана оларға кедергісіз жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі.

"Сараптама жүргізілді. 150 майнинг компанияның жұмысын қарады министрлік. Соның ішінде 50 компания Қазақстанда жұмысын тоқтатып, қайтып кетті. Басқа жақтарға кетті, Ресейге кетті. 51 компания Цифрлық министрлікке өздерінің қағаздарын тапсырып, заңды майнинг болып табылады", – деді ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.


Новости партнеров