Шығарманың алғашқы нұсқасы 1977 жылы жазылған
Бұл туынды 70 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жас өспірімдер театрында қойылған еді. Ал, кеше әкем театр сахнасында тұңыш рет ойналған қойылымның тұсаукесеріне келгендер сыймай қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Рухани кештен азық алып қайтқан ағайын спектакль соңында жарты сағат қол соқты.
«Қара сөздің патшасы ғой ол кісі. Бұл жерде театрда тіл жоғалып кетті деген сындар болып жатады. Қазақтың тіліне, сөз мәйегіне мән берілген, нағыз актерлік спектакль болды», – деді М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры Сәбит ӘБДІХАЛЫҚОВ
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің алғашқы нұсқасы 1977 жылы жазылған. Кейін қайта өңделіп, 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енген.
О. Бөкей шығармаларының көпшілігі адамзаттың және ғаламның жұмбағына тереңіне бойлаудан туындаған. Жазушы бұл шығармасында да табиғаттың құпия-сырларына үңіліп, адам жанының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Спектакльдің қоюшы режиссері Жұлдызбек Жұманбай.
«Бұл спекаткльді нақты осындай деп айту қиын. Өйткені әркім әр түрлі қабылдайды. Сол себепті мұнда тепе-теңдік. Әркім өз орыныда болса. Көбейіп кетпеу керек, көбейіп кетсе басқаша болады.. Төмен жағдайға да түсіп кетпеуі керек. Жақсылық пен жамандық тепе-тең тұруы қажет», – деді қойылымның режиссері Жұлдызбек ЖҰМАНБАЙ.
«Адамдардың бір-біріне бағынышта болып, бірінің айтқанын бірі тіңдап құл болуын осы Қоңқа арқылы бейнелеген. Қоңқай табиғатпен етене болғысы келеді», – деді ҚР Халық әртісі, актёр Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ.
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің шынайы шығарма болып түзілуі - автордың көрген-түйгені, өз басынан өткен оқиғалары әсер еткендігінен. Олай дейтініміз, повестегі Нұржанның болмысынан автордың өзін тануға болады. Осы оқиғаның өз басынан өткендігіне дәлел, бір кезде өзінің ауылда тракторшы болып еңбек еткеніндігі де еді. Міне, қаламгердің өмірде түйгендерін қорытуы, жинақтауы деген осы. Ал, қойылым көңілден шыққан халық жарты сағат қол соқты.