Сел болған жағдайда қалай әрекет ету керек?

Сел болған жағдайда қалай әрекет ету керек?
Алдымен, үйдегі суды, газды және электр желісін өшіріңіз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Егерде сіз су басу қаупі туралы дабылды естісеңіз, бірден дүрлікпеңіз. Бұл сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға кері әсер етеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алдымен, үйдегі суды, газды және электр желісін ажыратыңыз. Уақытыңыз болса, құнды заттар мен ұзақ мерзімге шыдайтын ас-ауқатты да шатырға шығарыңыз. Өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетке құжаттар мен медициналық жабдықтарды салып алыңыз. Кем дегенде 3 күнге жететін киім-кешек пен тамақ болуы керек. Содан кейін, қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.

Кесте:

Сел қаупі туралы дабыл естіген кезде:

1.Дүрлікпеңіз;

2.Суды, газды және электр желісін өшіріңіз;

3.Үйдегі құнды заттар мен ұзақ мерізімге шыдайтын ас-ауқатты шатырға шығарыңыз;

4.Су өткізбейтін пакетке құжаттар мен медициналық жабдықтарды  салып алыңыз;

5.Үш күнге жететін киім-кешек пен тамақ алыңыз;

6.Қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.    


Новости партнеров