Алматы метрополитені үш сағат көлемінде қайта іске қосылады

04.03.2024 18:37

Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланады

Almaty.tv

Алматы метрополитені үш сағат көлемінде қайта іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізетін болады. Осы орайда  Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланатын болады, - делінген хабарламада.

Дереккөз: Алматы қаласы метроополитені баспасөз қызметі